«Нурикамал»
Әні: Т.Ізтай
Сөзі: Х.Есенғараева

  1. Аспандағы ай ма дедім,
    Жастық шағым қайда менің?
    Жүрегімді елжіреткен
    Жаным, қандай жайдары едің?!

Қ-сы:
Нурикамал, Камалым-ай,
Күндей ашық жанарың-ай,
Қолым жетпей, сөзім де өтпей,
Жаутаңдадым қабағыңа-ай, қарағым-ай.

  1. Ойың озық, сөзің тәтті.
    Қандай Ана сені тапты?
    Көнілімді жарасынан
    Сыймай тасып сезім жатты.
  2. Күлімдесе ай қабағың,
    Қалай ғана жай табамын?
    Көктем гүлі ұшқым келіп,
    Жердемін деп ойламадым.