Лицейлік өмірім! (ән сөзі)
Бұл өмір өтіп кетер!
Судай боп арнасынан мөлдіреп ақса керек.
КТЛ – бұл судың тармағындай, жүрекке кірбің салмай, көңілді тапса керек!
5 жылдың қадірін біл, бойыңнан тапсаң зерек!
Мұнда сен неге келдің? Тәрбие, білім емес пе іздегенің?
Бұл жердің қадірін біл!
Іздесең дос табарсың, өмірде бірге жүрер «бауырым» деп!
Сағынамыз сол бір сәттерді,
Лицейіме алғаш келгенді.
Еске аламын сол бір күндерді
Ата-анамды қимай кеткенді.
Достарыммен танысып бірге
Қадам бастық сол бір күндерге.
Қылығымыз бір сәт өзгеріп,
Тәлім алдық аби сіздерден!
Қимаймын сол бір кездердің,
Өте тәтті балдай күндерін!
Сағынамыз ұстаздарды шын
Барын салып үйренсін деп біз!
Тәрбиеміз оңалып күнде,
Адам болдық өстік бұл жерде.
Дүниеден іздеп шарласақ,
Мұндай жерді таппаспыз біздер!
Қайда кетсек ұмыта алмай,
Жүрерміз біз ойлаумен.
Жүректе өшпес із болып,
Сен тұрасың – лицейім!
Сағынамыз абилерді бірге болған!
Кетерміз біз жылаумен
Өмірімнің сол сәттері,
Өзіңмен өтті КТЛ!
Ұмытылмас КТЛ!
Көңілімде КТЛ!
Жүрегімде КТЛ!
Өзіңмен өтті КТЛ!
Сағынамыз сол бір кештерді
Достарымның туған күндері.
Қандай бақытты жандар едік,
Осы лицейге түскен біздер!
Ағалар үлгі боп әр кезде
Ұмытылмас пикник күндері.
Ата-анамыздай бола білген
Қарыздармыз аби сіздерге!
Қимаймыз ұстаздарды біз,
Бірге болған қиын күндерде!
Бауыр басып қалдым мен саған
Қалай ғана кетпекпін сенен!
Бауыр басып қалдым баршаға
Жасқа толды көзім бір маңда.
Өзіңмен қоштасып лицейім,
Ұшып барамын мен арманға!