Әкешім пана болған,
Биік шыңын!
Үйреткен мына өмірдің,
Барлық сырын!
Қ-сы
Жербетін кезген менен,
Сендердің көздеріңнен. 2-рет
Төгілген жылылықты
Ешкімнен сезбедім мен.

Анашым ақ сүт беріп мәпелеген,
Кешірген коп кенсе де қәте менен!
Қ-сы
Анамның алақаны,
Әкемнің қарағаны. 2-рет
Ұқтырды бізде екенін
Бақытқа балағаны!

Сендердің арқаларың жүргеніміз,
Алаңсыз мына өмірде күлгеніміз.
Қ-сы
Менің қос бәйтерегім
Сендерсіз қайтер едім. 2-рет
Әрқашан бірге болсақ,
Түгел ғой бар керегім.