Арман құсым қалықтайды көгімде,
неге келдім мен, не істеп жүрмін мен бұл өмірде?
Белгілі бір орным бар ма өмірде?
Ойланамын мен, толғанамын..
Мен келем арқалап арманымды,
берерім бар ма, өмірден аларым бар ма?
Арайлы алтын таңдарымды
көруім керек жанарым барда….

припев:
Оу, Жаратқан Алла, өзекті жанға көмегің бар ма?
Жетеле тек алға.
Жаратқан Алла, жақсылық арна, жеткізгін таңға..

Арман құсым қанаттарын қағады,
қайда самғап, қай жаққа ұшып барады?
Қайдан барып бақытын ол табады,
зырлай беремін, жырлай берем.
Мен келем арқалап арманымды,
берерім бар ма, өмірден аларым бар ма?
Арайлы алтын таңдарымды
көруім керек жанарым барда…

припев [3x:]:
Оу, Жаратқан Алла, өзекті жанға көмегің бар ма?
Жетеле тек алға.
Жаратқан Алла, жақсылық арна, жеткізгін таңға…