Жанымнан менің жырақтамашы, ұнап қаласың.
Қолыңды созшы жүрегім
Тағдырға неге сыр ақтарасың, жылап қаласың.
Жылап қаласың білемін.
[Қайырмасы]
Тұрады өмір жаңылыстардан, жалыныштардан.
Сезім ғой бізді алып ұштырған, сағыныстырған.
Қауырсын қанатымнан.
Мен үшін жаратылған.
Сен сый едің.
Бір ғұмыр бір өмірмен.
Жұп-жұмыр жүрегіммен.
Мен сүйемін.
Естеліктерден табылмайсың ба, тағы ұрлайсың ба?
Ең сұлу гүлі Тәңірдің.
Сен мені мүлде сағынбайсың ба, сағынбайсың ба.
Мен сені қатты сағындым.
[Қайырмасы]
Тұрады өмір жаңылыстардан, жалыныштардан.
Сезім ғой бізді алып ұштырған, сағыныстырған.
Қауырсын қанатымнан.
Мен үшін жаратылған.
Сен сый едің.
Бір ғұмыр бір өмірмен.
Жұп-жұмыр жүрегіммен.
Мен сүйемін.
Тағдырды мейлі жек көресің бе, кектенесің бе.
Жыламай жүрсең разымын.
Жыламаймын деп серт бересің бе, серт бересің бе?
Бақытты болшы нәзігім