Көгiлдiр көлден не пайда
Жағасы жайсыз жар болса
Суы ашық балық аз
Жиегі тайыз тар болса
Көк аспаннан не пайда
Көгiнде күн күлмесе
Қыздар жиған мақтадай
Ақша бұлттар жүрмесе
Биік таудан не пайда
Шыныңда аққар жатпаса
Сылдырап аққан тау суын
Сүйсынып балдай татпаса
Шайкалған балдан не пайда
Жемiсiн жазда татпаса
Шаршап бiр келiп жұмыстан
Саясында жатпаса
Жарық күннен не пайда
Үйнде таның атпаса
Бұл өмiрде қызық не
Бұзығын шулап жатпаса
Байлықтан жиған не пайда
Артыңда ұрпақ қалмаса
Түн ұйқынды бөлгізген
Сәбиден қолын талмаса
Ер жiгiттен не пайда
Қолына қару алмаса
Елiн жарын туғанның
Дұшпанан сақтап қалмаса
Аталы ұлдан не пайда
Баталы сөздi ұқпаса
Арақ iшiп мас болып
Үлкенді үлгi тұтпаса
Бір туғаннан не пайда
Бірлігі оның болмаса
Ыстыққа бірге жылынып
Сууқа бірге тоңбаса
Ағайыннан не пайда
Көре алмай сенi күндесе
Фалидін жалған екенiн
Тiрлiкті ойлап бiлмесе
Сансыз достан не пайда
Жаныңды сенiң сезбесе
Шындықты бiрге іздесып
Қыйындыққа төзбесе
Жастық шақтан не пайда
Жалындап бір жанбаса
Айлы түнде қыдырып
Махаббатқа қанбаса
Кәрiлiктен не пайда
Қартайып қызық көрмесе
Асырап баққан ұл-қызын
Қарызыңды өтеп бермесе
Сұлу қыздан не пайда
Ресторан жанын торласа
Доллар үшiн ар кіммен
Ар намысын қорласа
Сұлу жардан не пайда
Тiрлiкте iсi болмаса
Iздеп бiр досын келгенде
Iйiлiп төсек салмаса
Көп бiлгенен не пайда
Пайдасыз iште сақтасан
Жастарды жийіп қасына
Бiлгенiңді айтпасаң
Мен бақылдан не пайда
Тыңдайтын жан болмаса
Бiлiмдiден шыққан сөз
Жүрекке барып қонбаса
Ойымды жинап келгенде
Айтарым саған азамат
Мұратыңа жетпесен
Жамандыққа бетпе сен
Ақыл айтқан адамға
Өзім білем кет де сен
Бұл өмірден не пайда
Халқына қызмет етпесен
Бұл фалиден не пайда
Бұл жалғаннан не пайда
Халқына қызмет етпесен