Жұлдыздай жарқырайды,
Толқындай сарқырайды,
Кең көңіл.
Тулайды, жалындайды,
Еркіңе бағынбайды,
Тек асау бұл өмір.
Бұл өмірде сан тараулы жол бар,
Болса-дағы жан санаулы қолдар.
Аласармас менің асыл арманыма,
Жеткізеді ақ арайлы таңдар.
Бұл өмірде…
Бұл өмірде…
Бұл өмірде…
Бар болсаң, көре алмайды,
Жоқ болсаң, бере алмайды,
Беу, жалған.
Жақсыға сене алмайды,
Жаманды жеңе алмайды,
Кей бақытсыз жандар.
Бұл өмірде сан тараулы жол бар,
Болса-дағы жан санаулы қолдар.
Аласармас менің асыл арманыма,
Жеткізеді ақ арайлы таңдар.
Бұл өмірде…
Бұл өмірде…
Бұл өмірде…
Арманым да — сенсің бұл өмірде,
Бар бағым да — сенсің гүл өмірде.
Жан сырымды менің ұғынатын,
Жан жарым да — сенсің бұл өмірде.
Бұл өмірде…
Бұл өмірде…
Бұл өмірде…