Сайдың серке тасындай қатар тізілген
Шеру тартқан көркіңе елің сүйсінген
Ән салшы, сарбазым,
Назданып салған өзіңе әнім
Ұлдар: Айхай, қамажайым-ай, салған әнің-ай,
Сағынғаным, айхай, күлсең болғаны-ай.
Жалаулаған алаулап жігер күшім сен
Ауылың мен бауырың аңсағаныңмен
Ән салшы, сарбазым,
Ұсынған тілек өзіңе назым
Ұлдар: Айхай, қара көзім-ай, тұнған сезім-ай
Жандырады, айхай, айтқан сөзің-ай
Қыздың сертін армандар ердің жүрегі
Азаматым, боларсың елдің тірегі
Ұлдар: Ән салшы, аруым
Жүректе жанған оттай қаруым
Пай-пай, қырандарым-ай, ұландарым-ай
Шарықтасын,айхай, ұрандарың-ай
Ер жігітке аманат туған даласы
Даласына жарасар сұңқар баласы
Ән салшы, сарбазым,
Күтумен жүрмін өзіңді, жаным
Ұлдар: Айхай, бұраң белім-ай, айдай керім-ай
Аялаған, айхай, ардақты елім-ай
Ән салшы, аруым,
Жүректе жанған оттай қаруым
Ән салшы, сарбазым,
Назданып салған өзіңе әнім
Ұлдар: Айхай, қара көзім-ай, тұнған сөзің-ай
Жандырады, айхай, айтқан сөзің
Пай-пай, қырандарым-ай, ұландарым-ай
Шарықтасын,айхай, ұрандарың-ай