Қол жетпес көрікті арман,
Сезімге серік болған.
Сенбісің аққу құсым,
Айдынға келіп қонған.
Айтайын жүрек сөзін,
Бағыма тілекші өзің.
Бұл жүрек сені іздейді,
Үлбіреп жібек сезім.
Қайырмасы:
Айым да сен
Күнім де сен
Жанымды
тербейсің күлімдесең.
Жанымда сен
Бағымда сен
Сүймесем сені сәулем,
Дәл бұлай сағынбас ем
Арманым аңсатсаңшы,
Сырымды сен сақташы,
Жылайды жанарымда,
Мөп-мөлдір моншақ тамшы.
Балдәурен тәтті шағым,
Сені іздеп көкке ұшамын
Жанымнан жырақ кеттің,
Жылытып жат құшағын.