Қарағым айналайын қарындасым,
Төгілген иығыңа қолаң шашың.
Жайқалып қырда өскен қызғалдақтай,
Құлпырып он сегізге келді-ау жасың.

Қайырмасы:
Көзіндей жас ботаның жайраңдаған,
Көзіңнен күлімдеген айналды ағаң.
Аршыған жұмыртқадай аппақ көркің,
Өзіңдей қарындасты-ау қайдан табам.

Биязы мінезіңе қайран қалам,
Жет қалқам мақсатыңа армандаған.
Күніңе сенің туған тарту етіп,
Жыр жазды шын жүректен сенің ағаң.

Қайырмасы:
Көзіндей жас ботаның жайраңдаған,
Көзіңнен күлімдеген айналды ағаң.
Аршыған жұмыртқадай аппақ көркің,
Өзіңдей қарындасты-ау қайдан табам.