Жарылған намыстан қаһарман халықпыз,
Азаттық жолында жалындап жыныппыз.
Тағдырдың тезінен, тозақтың өзінен
Ама-сау қалыппыз, аман-сау алыппыз.

Қайырмасы:
Еркіндік қыраны, шарықта,
Елдікке шақырып тірлікте!
Алыптың қуаты — халықта,
Халықтың қуаты — бірлікте!

Ардақтап анасын, құрметтеп данасын,
Бауырға басқанбыз баршаның баласын.
Татулық, достықтың киелі бесігі —
Мейірбан Ұлы Отан, қазақтың даласы!

Қайырмасы:
Еркіндік қыраны, шарықта,
Елдікке шақырып тірлікте!
Алыптың қуаты — халықта,
Халықтың қуаты — бірлікте!

Талайды өткердік өткенге салауат,
Келешек ғажайып, келешек ғаламат!
Ар-ождан, ана-тіл, өнеге салтымыз,
Ерлік те, елдік те ұрпаққа аманат!

Қайырмасы:
Еркіндік қыраны, шарықта,
Елдікке шақырып тірлікте!
Алыптың қуаты — халықта,
Халықтың қуаты — бірлікте!