1.
Көңіл бейне бала,
Салған сайран-ай, а-хау!
Өтер үнсіз ғана,
Күндер қайран-ай,
Жай байқалмай!

Қайырмасы:

Сағым дүние, өмір жалған-ай!
Қанша жерде көңіл қалған-ай!
Айға шапқан асау арман-ай!
Ақыл ғана қорған болған-ай!

2.
Жаның қандай айна,
Бейне көшкен-ай, а-хау!
Алтын Саулем кайда
Соған түскен-ай!
Ей, арман-ай!

Қайырмасы:

3.
Уақыт шіркін өтпей,
Тұр ғой асықпай, а-хау!
Сүйгеніне жетпей
Қалған ғашықтай.
Ей, өмір-ай

(Голос полный добра и тепла)