Ерте, ерте, ертегім
Ертеден сыр шертемін
Еркелейсің тентегім,
Балапаным-ай!
Ертегідей өлкенің,
Келешегі, көркі едің
Өсе берсін өркенің,
Балапаным-ай!
Құлыншағым-ай, ұрыншағым-ай
Желкілдейді желменен тұлымшағың-ай
Құлыншағым-ай, құлыншағым-ай!
Тәй-тәй бастың, талпындың,
Жанарыңда жарқын күн
Былдырлайсың бал тілдім
Балапаным-ай
Сынығындай алтынның
Үлгісі боп мәрт ұлдың
Батасын ал халқыңның
Балапаным-ай
Ботақаным-ай қошақаным-ай
Ата берсін арайлап таң шапағың-ай
Ботақаным-ай, ботақаным-ай!
Ерте, ерте, ертегім
Еркелеген көркемім
Жығылмасын желкенің
Балапным-ай!
Тілекшіңмін мен сенің
Артам саған зор сенім.
Кіп-кішкентай бөлшегім
Балапаным-ай!
Бұзық еркем-ай, қызық еркем-ай
Жарық болсын жан көкем, жүзің ертең-ай
Бұзық еркем-ай, қызық еркем-ай
Ұрыншағым-ай, Құлыншағым-ай!